Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Солоновскому сельскому округу на 2020-2021 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Солоновскому сельскому округу на 2020-2021 годы
- Атауы (қаз.)
- Солоновка ауылдық округі бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 40/354-VI
- Қабылданған күні
- 26.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2020 144926_472129.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VM007367
- ЭКБ идентификаторы
- 144926
- Редакция идентификаторы
- 144926_472129
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:49
0 Солоновка ауылдық округі бойынша
2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13-баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солоновка ауылдық округі бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 2020-2021 жылдарға арналған Солоновка ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
Катонқарағай аудандық мәслихаты
2020 жылғы 26 маусымы
№ 40/354-VI шешіміне
қосымша
2020-2021 жылдарға арналған Солоновка ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
Солоновка ауылдық округі бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15090 нөмірімен тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем - шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Солоновка ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызба картасы (1-қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы сызбалары (2-қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (3-қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы (4-қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы (5-қосымша);
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі (6-қосымша).
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелері-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Солоновка ауылдық округінде 2 елді мекен бар.
Солоновка ауылдық округі аумағының жалпы ауданы – 33 111,06 га, соның ішінде: егістіктер – 12 458,60 га, шабындық – 3446,68 га, жайылымдық жерлер – 16 688,87 га, басқа жерлер – 516,91 га.
Санаттары бойынша жерлер бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 29 124,06 га;
елді мекен жерлері – 3987,0 га.
Табиғи жағдайлары бойынша Солоновка ауылдық округінің аумағы тау бөктеріндегі далалы орташа ылғалданған аймаққа жатады. Климаты ылғалды, жылы. Жауын-шашын жылына орта есеппен 550-700 мм түседі. Олардың ең көп саны жазғы кезеңге келеді.
Топырақ негізінен таулы сілтісізденген қара, кәдімгі қара топырақты.
Солоновка ауылдық округінің аумағында 1 ветеринарлық пункт және 1 мал қорымы бар.
2020 жылдың 1 қаңтарына Солоновка ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және шаруа қожалығының мал басы) ірі қара мал 2814 бас, соның ішінде төлдейтін (сауынды) мал басы 1643 бас, қой мен ешкі 2101 бас, жылқылар 1247 бас (1-кесте) есептелген.
1-кесте
№
Елді мекендер
Халықтың мал басы
Шаруа және фермер қожалықтарының мал басы
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
барлығы
Соның ішінде: сауынды
барлығы
Соның ішінде: сауынды
1
Малонарымка
895
455
930
312
563
354
65
285
2
Солоновка
869
502
1079
344
487
332
27
306
Кестенің жалғасы
№
Елді мекендер
Барлығы:
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
барлығы
Соның ішінде: сауынды
1
Малонарымка
1458
809
995
597
2
Солоновка
1356
834
1106
650
Солоновка ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін барлығы 13 389,87 га, елді мекен шегінде 3299,0 га жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес жергілікті халықтың (Солоновка ауылы, Малонарым ауылы) мұқтажы үшін аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің жайылымдық алқаптарында 3299,0 га көлемінде қажеттілік 2921,5 га құрайды (2-кесте).
2-кесте
№
Елді мекендер
Жайылымдар ауданы, (га)
Сауын сиырлардың болуы (бас)
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген (га)
Артылғаны, (га)
1
Малонарымка
1246
455
6,5
2957,5
1711,5
-
2
Солоновка
2053
502
6,5
3263
1210
-
Қалыптасқан 2921,5 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін, 1285,0 га - «Достык-АгроИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі жерлерде, 1636,5 га – босалқы жерлерде халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық жануарларын жаю бойынша 12 987,0 га көлемінде жайылымдық жер қажеттілігі бар. Ірі қара басына қалыпты жағдайдағы жүктемесі – 6,5 га/бас, қой мен ешкі – 1,3 га/бас, жылқылар – 7,8 га/бас (3-кесте).
3-кесте
№
Елді мекендер
Халықтың мал басы
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
барлығы (га)
Малонарымка
440
930
312
6,5
1,3
7,8
2860
1209
2433,6
6502,6
Солоновка
367
1079
344
6,5
1,3
7,8
2385,5
1402,7
2683,2
6471,4
Қалыптасқан 12 987,0 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарда 12 987,0 га - «Большенарым орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемеге тиесілі жерлерде жаю есебінен толықтыру қажет.
Солоновка ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 1050 бас, қой мен ешкі 92 бас, жылқылар 591 бас құрайды.
Шаруа және фермер қожалықтарындағы жайылымдар ауданы 29 124,06 га құрайды (4-кесте).
Солоновка ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылық өндірушілердің ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу бойынша мәліметтер
4-кесте
Елді мекен атауы
Ауданы (га)
Мал түрлері бойынша қолда бары, (бас)
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
барлығы (га)
1
Солоновка
29124,06
1050
92
591
6,5
1,3
7,8
2366
119,6
4609,8
7095,4
1 2020-2021 жылдарға арналған Солоновка ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына
1-қосымша
5-кесте
№
Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы
жайылым ауданы, га
мал басының болуы
қажет жайылым,
Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы
1
«Үлкен Нарын орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
12 987,0
жоқ
-
12 987,0
2 2020-2021 жылдарға арналған Солоновка ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына
2-қосымша
Жылдар
1 мал айдау
2 мал айдау
3 мал айдау
4 мал айдау
2020
көктем-жазғы
1-маусым
жазғы
2-маусым
күзгі
3-маусым
демалыс
2021
демалыс
көктем-жазғы
1-маусым
жазғы
2-маусым
күзгі
3-маусым
Ескертпе: 1, 2, 3, 4 – бір жылда мал айдаудың кезектілігі.
3 2020-2021 жылдарға арналған Солоновка ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына
3-қосымша
4 2020-2021 жылдарға арналған Солоновка ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына
4-қосымша
5 2020-2021 жылдарға арналған Солоновка ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына
5-қосымша
6 2020-2021 жылдарға арналған Солоновка ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына
6-қосымша
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Солоновка
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан