Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Катон-Карагайскому сельскому округу на 2020-2021 годы

Өзге акт · № 40/352-VI · қабылданған 26.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 28.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-2021-ekb-144967/on/2026-08-28/
Басып шығарылды 2026-08-28 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Катон-Карагайскому сельскому округу на 2020-2021 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 40/352-VI ·26.06.2020
26.06.2020 редакциясы
28.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Катон-Карагайскому сельскому округу на 2020-2021 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 40/352-VI · 28.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Катон-Карагайскому сельскому округу на 2020-2021 годы
Атауы (қаз.)
Катонқарағай ауылдық округі бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
40/352-VI
Қабылданған күні
26.06.2020
Көрсетілген редакция
26.06.2020 144967_472239.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VM007379
ЭКБ идентификаторы
144967
Редакция идентификаторы
144967_472239
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:50

0 Катонқарағай ауылдық округі бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13-баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Катонқарағай ауылдық округі бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 2020-2021 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар

Катонқарағай аудандық мәслихаты
2020 жылғы 26 маусымы
№ 40/352-VI шешіміне
қосымша
2020-2021 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
Катонқарағай ауылдық округі бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем - шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:

1 1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Катонқарағай ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызба картасы) (1-қосымша);

2 2) жайылым айналымдарының қолайлы сызбалары (2-қосымша);

3 3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (3-қосымша);

4 4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы (4-қосымша);

5 5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы (5-қосымша);

6 6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі (6-қосымша).

Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелері-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Катонқарағай ауылдық округінде 5 елді мекен бар.
Катонқарағай ауылдық округі аумағының жалпы ауданы – 681 307,2 га, соның ішінде: егістіктер – 2630,68 га, шабындық жерлер – 14 043,38 га, жайылымдық жерлер – 275 796,72 га, басқа жерлер – 288 836,42 га.
Санаттар бойынша жерлер бөлінісі:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 30 976,20 га;
елді мекен жерлері – 6818,0 га жерлерге бөлінеді.
Табиғи жағдайлары бойынша Катонқарағай ауылдық округінің аумағы таулы-орманды дала аймағына жатады. Аймақтың климаты ылғалды, жазда орташа салқын және қыста суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жыл ішінде 500-800 мм жауын-шашын түседі, ал оңтүстікте 400-550 мм жақсы айқын жазғы максимуммен.
Топырағы негізінен таулы-орманды, таулы-кен, қара топырақты.
Катонқарағай ауылдық округінің аумағында 1 ветеринарлық пункт, 2 мал қорымы және 1 мал тоғыту орны бар.
2020 жылдың 1 қаңтарына Катонқарағай ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және шаруа қожалықтардың мал басы) ірі қара мал 5507 бас, соның ішінде төлдейтін (сауынды) мал басы 2731 бас, қой мен ешкілер10 266 бас, жылқылар 6248 бас, 27 бас марал (1-кесте) есептелген.
1- кесте

Ел­ді ме­кен­дер
ха­лық
ша­руа және фер­мер қо­жа­лық­та­ры
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі­лер
жыл­қы
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі­лер
жыл­қы
ма­рал
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын­ды
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын­ды
1
Ка­тон­қа­ра­ғай
2184
820
2729
1704
1043
640
2049
1498
27
2
Қа­быр­ға
210
98
461
281
49
32
88
82
3
Шың­ғы­стай
699
335
2387
1029
487
333
757
545
4
Жа­ңа-Үл­гі
364
185
745
425
284
175
568
408
5
Мой­ыл­ды
54
32
219
85
133
81
263
191
Кестенің жалғасы

Елді мекендер
Барлығы:
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
марал
барлығы
Соның ішінде сауынды
1
Катонқарағай
3227
1460
4778
3202
27
2
Қабырға
259
130
549
363
3
Шыңғыстай
1186
668
3144
1574
4
Жаңа-Үлгі
648
360
1313
833
5
Мойылды
187
113
482
276
Катонқарағай ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін барлығы 22 780,72 га, елді мекен шегінде 5015,0 га жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес жергілікті халықтың (Катонқарағай ауылы) мұқтажы үшін аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің жайылымдық алқаптарында 5015,0 га көлемінде қажеттілік 923,0 га құрайды (2-кесте).
2 кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Жай­ы­лым­дар ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар­дың бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
Жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген (га)
Ар­тығы, (га)
1
Ка­тон­қа­ра­ғай
1537
820
3,0
-923
-923
-
2
Қа­быр­ға
715
98
3,0
421
-
421
3
Шың­ғы­стай
1319
335
3,0
314
-
314
4
Жа­ңа-Үл­гі
871
185
3,0
316
-
316
5
Мой­ыл­ды
573
32
3,0
477
-
477
Қалыптасқан 923,0 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін, 421,0 га - Қабырға ауылы елді мекенінің жерлерінде, 387,8 га - Байбосыновқа тиесілі жерлерде, 114,2 га - босалқы жерлерде халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық жануарларын жаю бойынша 22 734,0 га көлемінде жайылымдық жер қажеттілігі бар, ірі қара малдың бір басына түсетін жүктеме нормасы – 3,0 га/бас, қой мен ешкілер – 0,6 га/бас, жылқы – 3,6 га/бас (3-кесте).
3-кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Ха­лық­тың мал ба­сы
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
ірі қа­ра
мүй­із­ді­ұ­сақ мал
жыл­қы
ірі қа­ра
Мүй­із­ді ұсақ мал
жыл­қы
ірі қа­ра мал
мүй­із­ді ұсақ мал
жыл­қы
бар­лы­ғы (га)
1
Ка­тон­қа­ра­ғай
1364
2729
1704
3,0
0,6
3,6
4092
1637,4
6134,4
11863,8
2
Қа­быр­ға
112
461
281
3,0
0,6
3,6
336
276,6
1011,6
1624,2
3
Шың­ғы­стай
364
2387
1029
3,0
0,6
3,6
1092
1432,2
3704,4
6228,6
4
Жа­ңа-Үл­гі
179
745
425
3,0
0,6
3,6
537
447
1530
2514
5
Мой­ыл­ды
22
219
85
3,0
0,6
3,6
66
131,4
306
503,4
Қалыптасқан 22 734,0 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарда мемлекеттік ұлттық табиғи паркке тиесілі 18079,88 га, 4654,12 га босалқы жерлерде жаю есебінен толтыру қажет.
Катонқарағай ауылдық округіндегі шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 1996 бас, қой мен ешкілер3725 бас, жылқы 2724 бас, марал 27 бас.
Шаруа және фермер шаруашылықтары жайылымдарының ауданы 22 780,72 га құрайды (4-кесте).
4-кесте
Ауыл­дық округ
ауда­ны (га)
Мал түр­ле­рі бой­ын­ша қол­да ба­ры, (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
ірі қа­ра мал
мүй­із­ді ұсақ мал
жыл­қы
түйе
ірі қа­ра мал
мүй­із­ді ұсақ мал
жыл­қы
түйе
Ка­тон­қа­ра­ғай
22 780,72
1996
3725
2724
27
3,0
0,6
3,6
3,6
Кестенің жалғасы
Ауыл­дық округ
ауда­ны (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
ірі қа­ра мал
мүй­із­ді ұсақ мал
жыл­қы
түйе
бар­лы­ғы (га)
Ка­тон­қа­ра­ғай
22 780,72
5988
2235
9806,4
97,2
18 126,6

1 2020-2021 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына

1-қосымша
5 кесте

Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы
жайылым ауданы, га
мал басының болуы
қажет жайылым,
га
Артық жайылым, га
1
Байбосынов М.К.
402,28
ірі қара мал 5*3=15.0 га
-
387,8

2 2020-2021 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына

2-қосымша
Жылдар
1- мал айдау
2- мал айдау
3- мал айдау
4- мал айдау
2020
көктем-жазғы
1- маусым
жазғы
2- маусым
күзгі
3- маусым
демалыс
2021
демалыс
көктем-жазғы
1- маусым
жазғы
2- маусым
күзгі
3- маусым
Ескертпе: 1, 2, 3, 4 – бір жылда мал айдаудың кезектілігі.

3 2020-2021 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына

3-қосымша

4 2020-2021 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына

4-қосымша

5 2020-2021 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына

5-қосымша

6 2020-2021 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына

6-қосымша
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Катонқарағай
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан

Қолданыстағы