Құжат мәтініне өту

Об определении начала, продолжительности и каникулярных периодов 2020 - 2021 учебного года в организациях среднего образования

Бұйрық · № 340 · қабылданған 12.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-2021-ekb-145468/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении начала, продолжительности и каникулярных периодов 2020 - 2021 учебного года в организациях среднего образования Қолданыста Бұйрық ·№ 340 ·12.08.2020
12.08.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении начала, продолжительности и каникулярных периодов 2020 - 2021 учебного года в организациях среднего образования

Қолданыста Бұйрық ·№ 340 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении начала, продолжительности и каникулярных периодов 2020 - 2021 учебного года в организациях среднего образования
Атауы (қаз.)
Орта білім беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
340
Қабылданған күні
12.08.2020
Көрсетілген редакция
12.08.2020 145468_476597.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021081
ЭКБ идентификаторы
145468
Редакция идентификаторы
145468_476597
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:14

0 Орта білім беру ұйымдарында

2020 - 2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:

1 1) 2020 - 2021 оқу жылының басталуы - 2020 жылғы 1 қыркүйек;

2 2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

3 3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 10 күн (2020 жылғы 5-14 қараша аралығында), қысқы – 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсан мен
2021 жылғы 10 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2021 жылғы
20-31 наурыз аралығында);
1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2021 жылғы 8-14 ақпан аралығында).

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген

іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы