Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня высших учебных заведений, в которых размещается государственный образовательный заказ на подготовку кадров с высшим образованием за счет средств местного бюджета на 2020-2021 учебный год

Қаулы · № 273 · қабылданған 10.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-2021-ekb-145503/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении перечня высших учебных заведений, в которых размещается государственный образовательный заказ на подготовку кадров с высшим образованием за счет средств местного бюджета на 2020-2021 учебный год Қолданыста Қаулы ·№ 273 ·10.08.2020
10.08.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня высших учебных заведений, в которых размещается государственный образовательный заказ на подготовку кадров с высшим образованием за счет средств местного бюджета на 2020-2021 учебный год

Қолданыста Қаулы ·№ 273 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня высших учебных заведений, в которых размещается государственный образовательный заказ на подготовку кадров с высшим образованием за счет средств местного бюджета на 2020-2021 учебный год
Атауы (қаз.)
2020-2021 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
273
Қабылданған күні
10.08.2020
Көрсетілген редакция
10.08.2020 145503_476784.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20V0007446
ЭКБ идентификаторы
145503
Редакция идентификаторы
145503_476784
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:16

0 2020-2021 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік

білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 44-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 13418 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2020-2021 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Облыстың білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
10 тамызы № 273 қаулысына
қосымша
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі

Жоғары оқу орнының атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырысының саны
1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
65
2
«НҰР-МҮБАРАК» Египет Ислам мәдениеті университеті» жеке мекеме
3
3
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны
10
Барлығы
78

Қолданыстағы