Об утверждении перечня высших учебных заведений, в которых размещается государственный образовательный заказ на подготовку кадров с высшим образованием на 2020-2021 учебный год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня высших учебных заведений, в которых размещается государственный образовательный заказ на подготовку кадров с высшим образованием на 2020-2021 учебный год
- Атауы (қаз.)
- 2020-2021 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 193
- Қабылданған күні
- 14.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2020 145533_476067.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20Z0006342
- ЭКБ идентификаторы
- 145533
- Редакция идентификаторы
- 145533_476067
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:12
0 2020-2021 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №13418 болып тіркелген) бұйрығын басшылыққа ала отырып Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 – 2021 оқу жылында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекітілсін.
2 2. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.А.Мыңбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 – 2021 оқу жылында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі
2020 жылғы __ ____________ № __
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 – 2021 оқу жылында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі
№
Даярлау бағытының коды және атауы
Білім беру бағдарламасы тобының коды
Білім беру бағдарламалары топтарының атауы
Саны
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырылатын жоғары оқу орындары
6B01 Педагогикалық ғылымдар
1
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау
В009
Математика мұғалімдерін даярлау
5
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын
2
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
В017
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
6
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
3
6В022 гуманитарлық ғылымдар
В033
Дінтану және теология
4
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті
6B10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
4
6В101 Денсаулық сақтау
В086
Жалпы медицина
60
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
5
6В101 Денсаулық сақтау
В089
Қоғамдық денсаулық сақтау
25