Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Урыльскому сельскому округу на 2020-2021 годы

Өзге акт · № 46/418-VI · қабылданған 25.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-2021-ekb-151777/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Урыльскому сельскому округу на 2020-2021 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 46/418-VI ·25.12.2020
25.12.2020 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Урыльскому сельскому округу на 2020-2021 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 46/418-VI · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Урыльскому сельскому округу на 2020-2021 годы
Атауы (қаз.)
2020-2021 жылдарға арналған Өрел ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
46/418-VI
Қабылданған күні
25.12.2020
Көрсетілген редакция
25.12.2020 151777_505939.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VM008208
ЭКБ идентификаторы
151777
Редакция идентификаторы
151777_505939
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:37

0 2020-2021 жылдарға арналған Өрел ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13- баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2020-2021 жылдарға арналған Өрел ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Катонқарағай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысы әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 2020-2021 жылдарға арналған Өрел ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар

Катонқарағай аудандық мәслихаты
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 46/418-VI шешіміне
қосымша
2020-2021 жылдарға арналған Өрел ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
2020-2021 жылдарға арналған Өрел ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15090 нөмірімен тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем - шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Өрел ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызба картасы (1-қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы сызбалары (2-қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (3-қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы (4-қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы (5-қосымша);
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі (6-қосымша).
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелері-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Өрел ауылдық округінде 3 елді мекен бар.
Өрел ауылдық округі аумағының жалпы ауданы – 18 700,82 га, соның ішінде: егістіктер – 290,83 га, тыңайған жер – 50,0 га, шабындықтар – 4172,70 га, жайылымдық жерлер – 13 832,65 га; басқа алқаптар – 354,64 га;
Санаттары бойынша жерлер бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 17 142,82 га;
елді мекен жерлері – 1558,0 га.
Табиғи жағдайлары бойынша Өрел ауылдық округінің аумағы таулы-орманды дала аймағына жатады. Аймақтың климаты ылғалды, жазда орташа салқын және қыста суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жыл ішінде 500-800 мм жауын-шашын түседі, ал оңтүстікте 400-550 мм жақсы айқын жазғы максимуммен.
Топырағы негізінен таулы-орманды, таулы-кен, қара топырақты.
Өрел ауылдық округінің аумағында 1 ветеринарлық пункт, 2 мал тоғыту орны және 3 мал қорымы бар.
2020 жылдың 1 қаңтарына Өрел ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және шаруа қожалығының мал басы) ірі қара мал 4492 бас, соның ішінде төлдейтін (сауынды) мал басы 1410 бас, қой мен ешкі 6069 бас, жылқылар 2977 бас, марал 235 бас (1-кесте) есептелген.
1-кесте
Өрел ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін барлығы 12 748,65 га, елді мекен шегінде 1080,0 га жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес елді мекеннің қолда бар жайылымдық алқаптарында 1080,0 га мөлшерінде ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) басын күтіп-ұстау бойынша жергілікті халықтың (Өрел, Аршаты, Еңбек ауылдары) мұқтажы үшін қажеттілік 1452,0 га құрайды (2 -кесте).
2-кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Жай­ы­лым­дар ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар­дың бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
Жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген (га)
Ар­ты­л­ға­ны, (га)
1
Өрел
417
414
3,0
1242
-825
-
2
Ар­ша­ты
316
179
3,0
537
-221
-
3
Ең­бек
347
251
3,0
753
-406
-
Қалыптасқан 1452,0 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін, 932,0 га - мемлекеттік ұлттық табиғи паркке тиесілі, 520,0 га - босалқы жерлерде халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық жануарларын жаю бойынша 8233,8 га көлемінде жайылымдық жер қажеттілігі бар. Ірі қара басына қалыпты жағдайдағы жүктемесі – 3,0 га/бас, қой мен ешкі – 0,6 га/бас, жылқылар – 3,6 га/бас (3-кесте).
3-кесте
Қалыптасқан 13 768,8 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарда 13 768,8 га – мемлекеттік ұлттық табиғи паркке тиесілі жерлерде жаю есебінен толықтыру қажет.
Өрел ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 1803 бас, қой мен ешкі 2360 бас, жылқылар 1308 бас, марал 235 басты құрайды.
Шаруа және фермер қожалықтарындағы жайылымдар ауданы 12 748,65 га құрайды (4-кесте).
4-кесте

5 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Өрел ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)

2020-2021 жылдарға арналған
Өрел ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Өрел ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)
Шарты белгілері:
Ауылдық округтер шекаралары
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санатының жайылымдары
Елді мекен жер санатының жайылымдары
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатының жайылымдары
5-кесте.

Жер учас­ке­ле­рі жер пай­да­ла­ну­шы­ла­ры­ның ата­уы
жай­ы­лым ауда­ны, га
мал ба­сы­ның бо­луы
қа­жет жай­ы­лым,
Жер учас­ке­ле­рі жер пай­да­ла­ну­шы­ла­ры­ның ата­уы
1
Мем­ле­кет­тік ұлт­тық та­би­ғи парк
14700,8
жоқ
-
14700,8
2
Босал­қы жер­лер
520,0
жоқ
-
520,0

6 Жайылым айналымдарының қолайлы сызбасы Өрел ауылдық округі үшін қолайлы жайылым айналымының сызбасы

2020-2021 жылдарға арналған
Өрел ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
2-қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы сызбасы Өрел ауылдық округі үшін қолайлы жайылым айналымының сызбасы
Жылдар
1 мал айдау
2 мал айдау
3 мал айдау
4 мал айдау
2020
көктем-жазғы 1-маусым
жазғы 2-маусым
күзгі 3-маусым
демалыс
2021
демалыс
көктем-жазғы 1-маусым
жазғы 2-маусым
күзгі 3-маусым
Ескертпе: 1, 2, 3, 4 – бір жылда мал айдаудың кезектілігі.

7 Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

2020-2021 жылдарға арналған
Өрел ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
3-қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Шартты белгілері:
Ауылдық округтер шекаралары
Сыртқы және ішкі шекараларындағы маусымдық жайылымдар учаскелері
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатының жайылымдары
Елді мекен жер санатының жайылымдары
Суат

8 Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы

2020-2021 жылдарға арналған
Өрел ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
4-қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы
Шартты белгілері:
- мал жаю үшін ауыл шаруашылық өндірушілерге және жеке тұлғаларға берілген жайылымдар;
- жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жетімділігі

9 Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы

2020-2021 жылдарға арналған
Өрел ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы
Шартты белгілері:
Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарлары басын шалғайдағы жайылымдарда орналастыру

10 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі

2020-2021 жылдарға арналған
Өрел ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
6-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Өрел
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан

Қолданыстағы