Об объемах трансфертов общего характера между областным бюджетом и районными бюджетами на 2020-2022 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объемах трансфертов общего характера между областным бюджетом и районными бюджетами на 2020-2022 годы
- Атауы (қаз.)
- 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 32/396
- Қабылданған күні
- 12.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2019 137366_433251.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19M0004069
- ЭКБ идентификаторы
- 137366
- Редакция идентификаторы
- 137366_433251
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:21
0 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы
трансферттердің көлемдері туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 - 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 1. Облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің 2020-2022 жылдардағы үш жылдық кезеңге арналған жылдар бойынша бөлінген абсолюттік көріністегі көлемі белгіленсін.
2 2. Аудандардың бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленсін:
1 1) 2020 жылға 3 949 814 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Қарақия ауданынан – 3 949 814 мың теңге;
2 2) 2021 жылға 4 275 603 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Қарақия ауданынан – 4 275 603 мың теңге;
3 3) 2022 жылға 4 905 282 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Қарақия ауданынан – 4 905 282 мың теңге.
3 3. Облыстық бюджеттен аудандардың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар белгіленсін:
1 1) 2020 жылға 12 338 936 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Бейнеу ауданына – 5 389 855 мың теңге;
Маңғыстау ауданына – 522 991 мың теңге;
Мұнайлы ауданына – 6 426 090 мың теңге;
2 2) 2021 жылға 11 797 314 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Бейнеу ауданына – 5 150 580 мың теңге;
Мұнайлы ауданына – 6 646 734 мың теңге;
3 3) 2022 жылға 11 851 696 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Бейнеу ауданына – 5 030 111 мың теңге;
Мұнайлы ауданына – 6 821 585 мың теңге.