Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в организациях района Аққулы на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в организациях района Аққулы на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- Аққулы ауданының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-03/227
- Қабылданған күні
- 20.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2019 134908_422190.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PI006549
- ЭКБ идентификаторы
- 134908
- Редакция идентификаторы
- 134908_422190
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:26
0 Аққулы ауданының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аққулы ауданының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А.Ж. Қасымоваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Аққулы ауданының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Аққулы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «20» қыркүйектегі
№ 1-03/227 қаулысына
қосымша
Аққулы ауданының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарының квотасы
Р/с
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны,
адам
Квотаның мөлшері
(жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны, адам
1
Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Аққу-Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
31
3%
1
2
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аққулы аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
201
1%
2