Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Павлодарскому району на 2020 год

Қаулы · № 308/10 · қабылданған 02.10.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-135279/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Павлодарскому району на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 308/10 ·02.10.2019
02.10.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Павлодарскому району на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 308/10 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Павлодарскому району на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
308/10
Қабылданған күні
02.10.2019
Көрсетілген редакция
02.10.2019 135279_423740.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PK006573
ЭКБ идентификаторы
135279
Редакция идентификаторы
135279_423740
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:19

0 2020 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18- бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27- бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Павлодар ауданы ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

4 2020 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Павлодар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «2» қазандағы
№ 308/10 қаулысына
қосымша
2020 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с №
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
Квотаның мөлшері (жұмыскелердің тізімдік санынан), %
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны, адам
1
Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
335
1
3
2
«Ертіс» шаруа қожалығы
110
1
1
3
«Зерноград» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
135
1
1
4
«Крестьянское хозяйство «Жана-Кала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
38
1
1
5
«Маяк» шаруа қожалығы
124
1
1

Қолданыстағы