Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации по Иртышскому району на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации по Иртышскому району на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға арналған Ертіс ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 274/6
- Қабылданған күні
- 01.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2019 135835_426704.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PG006596
- ЭКБ идентификаторы
- 135835
- Редакция идентификаторы
- 135835_426704
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:00
0 2020 жылға арналған Ертіс ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы
«Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс орындарының квотасы:
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Ертіс ауданының ұйымдарында, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, жұмысқа орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Ертіс ауданының ұйымдарында, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, жұмысқа орналастыру үшін 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
4 2020 жылға арналған Ертіс ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы
Ертіс ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «1» қарашадағы
№ 274/6 қаулысына
1-қосымша
2020 жылға арналған Ертіс ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы
Р/с №
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері
(қызметкерлердің тізімдік санынан %)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны(бірлік)
1
«Абай» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
224
1%
2
2
«Ертіс» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
164
1%
2
3
«УРАЗБАЕВ» шаруа қожалығы
65
1%
1
5 2020 жылға арналған Ертіс ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы
Ертіс ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «1» қарашадағы
№ 274/6 қаулысына
2-қосымша
2020 жылға арналған Ертіс ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы
Р/с №
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері
(қызметкерлердің тізімдік санынан %)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Абай» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
224
1%
2
2
«Ертіс» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
164
1%
2
3
«УРАЗБАЕВ» шаруа қожалығы
65
1%
1