Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, в организациях Щербактинского района на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, в организациях Щербактинского района на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға арналған Шарбақты ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 355/8
- Қабылданған күні
- 05.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2019 136123_427876.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PM006611
- ЭКБ идентификаторы
- 136123
- Редакция идентификаторы
- 136123_427876
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:58
0 2020 жылға арналған Шарбақты ауданының
ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2020 жылға арналған Шарбақты ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Неғмановаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
4 2020 жылға арналған Шарбақты ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Шарбақты ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «5» қарашадағы
№ 355/8 қаулысына
қосымша
2020 жылға арналған Шарбақты ауданының ұйымдарында пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарының квотасы
Р/с№
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері
(жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны
(бірлік)
1
«ШЫҒЫС ЖОЛДАРЫ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
64
1%
1
2
«Шарбакты-Кус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
200
1%
2