Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в городе Экибастузе на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в городе Экибастузе на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1115/11
- Қабылданған күні
- 18.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2019 136328_428940.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PC006631
- ЭКБ идентификаторы
- 136328
- Редакция идентификаторы
- 136328_428940
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:49
0 Екібастұз қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 9) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Екібастұз қаласының ұйымдарында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ағымдағы жылғы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Екібастұз қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 1115/11 қаулысына
қосымша
Екібастұз қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы
Р/с №
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санының %)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Завод МВИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
49
1%
1
2
«ЭКИБАСТУЗ ТРАНСНЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
56
1%
1
3
«БЕРЕКЕ 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
265
1%
3
4
«R.W.S. Wheelset» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
187
1%
2
5
«Астана ҚАЛА ҚҰРЫЛЫС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
354
1%
4
6
«Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
737
1%
7
7
«Тамыр» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
204
1%
2
8
«Промсервис-Отан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
590
1%
6