Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях города Экибастуза на 2020 год

Қаулы · № 1116/11 · қабылданған 18.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-136330/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях города Экибастуза на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 1116/11 ·18.11.2019
18.11.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях города Экибастуза на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 1116/11 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях города Экибастуза на 2020 год
Атауы (қаз.)
Екібастұз қаласының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1116/11
Қабылданған күні
18.11.2019
Көрсетілген редакция
18.11.2019 136330_428827.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PC006630
ЭКБ идентификаторы
136330
Редакция идентификаторы
136330_428827
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:49

0 Екібастұз қаласының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін

2020 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 8) тармағына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Екібастұз қаласының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін

3 3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Екібастұз қаласының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 1116/11 қаулысына
қосымша
Екібастұз қаласының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы
Р/с №
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санының %)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Завод МВИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
49
1%
1
2
«ЭКИБАСТУЗ ТРАНСНЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
56
1%
1
3
«БЕРЕКЕ 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
265
1%
3
4
«R.W.S. Wheelset» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
187
1%
2
5
«Астана ҚАЛА ҚҰРЫЛЫС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
354
1%
4
6
«Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
737
1%
7
7
«Тамыр» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
204
1%
2
8
«Промсервис-Отан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
590
1%
6

Қолданыстағы