Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2610
- Қабылданған күні
- 29.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2019 136538_428902.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NA008801
- ЭКБ идентификаторы
- 136538
- Редакция идентификаторы
- 136538_428902
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:34
0 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Әкімдіктің
2019 жылғы «___» ___________
№ ___ қаулысына
қосымша
2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымдардың атауы
Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)
квота
жұмыскерлердің тізімдік санынан %
жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Олжа Агротехмаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
229
1,3
3
2
«АБЗ плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
271
1,5
4
Барлығы
500
1,4
7