Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях города Аксу на 2020 год

Қаулы · № 1090/9 · қабылданған 28.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-136773/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях города Аксу на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 1090/9 ·28.11.2019
28.11.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях города Аксу на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 1090/9 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях города Аксу на 2020 год
Атауы (қаз.)
Ақсу қаласының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1090/9
Қабылданған күні
28.11.2019
Көрсетілген редакция
28.11.2019 136773_431403.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PB006653
ЭКБ идентификаторы
136773
Редакция идентификаторы
136773_431403
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:36

0 Ақсу қаласының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан

айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақсу қаласының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Ақсу қаласының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ақсу қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 1090/9 қаулысына
қосымша
Ақсу қаласының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарының квотасы
Р/с№
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
2
3
4
5
1
«Қазхром» Трансұлттық компания» Акционерлік қоғамының филиалы-Ақсу ферроқорытпа зауыты»
6531
1
65
2
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамы
1932
1
19
3
Ақсу қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
282
1
3
4
Павлодар обласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ақсу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
155
1
2
5
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
827
1
8
6
Ақсу қаласы әкімдігінің, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Теплосервис - Ақсу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
101
1
1
1
2
3
4
5
7
«Уштерек и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
115
1
1
8
«Еуразия» Медициналық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақсу филиалы
297
1
3
9
«Монтажно-Ремонтное предприятие «Гарант-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
145
1
1
10
«AksuTransLogistic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
117
1
1

Қолданыстағы