Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мугалжарскому району на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мугалжарскому району на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 490
- Қабылданған күні
- 23.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2019 137485_433401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CI006598
- ЭКБ идентификаторы
- 137485
- Редакция идентификаторы
- 137485_433401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:12
0 2020 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2020 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бір артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 23 желтоқсаны
№ 490 қаулысына
қосымша
2020 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Актобе мунай маш комплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
51
2%
1
2
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мұғалжар аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
120
3%
4
3
«Восток нефть и Сервисное обслуживание» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
73
2%
1
4
«Кентавр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2%
1