Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Байганинскому району на 2020 год

Қаулы · № 324 · қабылданған 24.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-137515/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Байганинскому району на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 324 ·24.12.2019
24.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Байганинскому району на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 324 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Байганинскому району на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға Байғанин ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
324
Қабылданған күні
24.12.2019
Көрсетілген редакция
24.12.2019 137515_433644.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CI006602
ЭКБ идентификаторы
137515
Редакция идентификаторы
137515_433644
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:08

0 2020 жылға Байғанин ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 8) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2020 жылға Байғанин ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Байғанин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Байғанин аудандық әкімдігінің

2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 324 қаулысына қосымша
2020 жылға Байғанин ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

р/н
Ұйымдардың атауы
Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны
Кво­та мөл­ше­рі (жұ­мыс­кер­лер­дің ор­та­ша ті­зім­дік са­ны­нан %)
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (бір­лік)
1
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Байғанин аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
50
2%
1
2
«Байғанин» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
31
2%
1
3
«Тау Стандарт Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
15
2%
1
4
«Байғанин көлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
15
2%
1
5
«Адам» шаруа қожалығы
5
2%
1
6
«Ерлан-Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
7
2%
1
7
«Мерей и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
36
2%
1
8
«Тәжімбай» шаруа қожалығы
5
2%
1
9
«Ғибрат» кафесі
5
2%
1
10
«Ақбота» кафесі
5
2%
1

Қолданыстағы