Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Байганинскому району на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Байганинскому району на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға Байғанин ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 24.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2019 137524_433525.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CD006603
- ЭКБ идентификаторы
- 137524
- Редакция идентификаторы
- 137524_433525
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:07
0 2020 жылға Байғанин ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2020 жылға Байғанин ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Байғанин аудандық әкімдігінің
2019 жылғы 24 желтоқсаны
№ 323
қаулысына қосымша
2020 жылға Байғанин ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№
р/н
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (Жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Байғанин аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
50
2%
1
2
«Байғанин аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т. Жармағамбетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
50
2%
1
3
«Әсем и Нұр» бөбекжай балабақшасы
20
2%
1
4
«Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қарауылкелді» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
20
2%
1
5
«Байғанин аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарауылкелді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
50
2%
1
6
«Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20
2%
1
7
«Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
18
2%
1
8
«Байғанин аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 2 Қарауылкелді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
50
2%
1
9
«Байғанин аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 3 Қарауылкелді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
50
2%
1
10
«Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Рауан» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
20
2%
1
11
«Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
20
2%
1
12
«Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Шаттық» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
20
2%
1
13
«Байғанин аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 4 Қарауылкелді мектеп гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
50
2%
1