Об утверждении государственного образовательного заказа на среднее образование в городе Тараз на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на среднее образование в городе Тараз на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4523
- Қабылданған күні
- 27.12.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2020 137625_458049.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19GA004478
- ЭКБ идентификаторы
- 137625
- Редакция идентификаторы
- 137625_458049
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:57
0 Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге
мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-3) тармақшасына және 62 бабының 6-1 тармағына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Тараз қаласының әкімі
2019 жылғы 27 желтоқсаны
№ 4523
Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге
мемлекеттік білім беру тапсырысы
Атауы
Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Білім алушылар
дың
саны
Бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)
1-4
сыныптар
5-9
сыныптар
10-11 сыныптар
Жекеменшік мектептер
«АЗИЯ» жекеменшік арнайы комплекс-мектебі» мекемесі
100
16558
21242
24646
«Абылай-Сана-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Інжу» балабақша, мектеп-гимназия» кешені
522
37766
42450
0
«R-плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «А-status»
мектеп гимназия-балабақша» кешені
215
16558
21242
0
«Cәби-Жан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
160
16558
0
0
«Балалар білім орталығы «Эрудит» балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
60
16558
0
0