Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Каргалинскому району на 2020 год

Қаулы · № 236 · қабылданған 31.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-137923/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Каргалинскому району на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 236 ·31.12.2019
31.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Каргалинскому району на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 236 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Каргалинскому району на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
236
Қабылданған күні
31.12.2019
Көрсетілген редакция
31.12.2019 137923_435511.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CF006646
ЭКБ идентификаторы
137923
Редакция идентификаторы
137923_435511
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:43

0 2020 жылға Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2020 жылға Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. «Қарғалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 182 «Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-160 тіркелген, 2018 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылдыдеп танылсын.

3 3. «Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Төлегеновке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Қарғалы ауданы әкімдігінің

2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 236 қаулысына қосымша
2020 жылға Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

р/н
Ұйымдардың атауы
Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны
Кво­та мөл­ше­рі (жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан %)
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (бір­лік)
1
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы аудандық ауруханасы» мемелекеттік коммуналдық кәсіпорыны
252
3
7
2
«Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
236
3
7
3
«Степное Алтын Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
40
3
1
4
«Велиховка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
35
3
1
5
«ДиЛэнд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
85
3
1
6
«Кайракты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
15
3
1
7
Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бадамша – Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
73
3
2

Қолданыстағы