Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Кобдинскому району на 2020 год

Қаулы · № 3 · қабылданған 08.01.2020
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-138308/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Кобдинскому району на 2020 год Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 3 ·08.01.2020
05.10.2020 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Кобдинскому району на 2020 год

Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 3 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Кобдинскому району на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
upd
Нөмірі
3
Қабылданған күні
08.01.2020
Көрсетілген редакция
05.10.2020 138308_484420.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CG006654
ЭКБ идентификаторы
138308
Редакция идентификаторы
138308_484420
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:35

0 2020 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2020 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Қобда ауданы әкімдігінің

2019 жылғы 8 қаңтардағы
№ 3
қаулысына қосымша
2020 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

р/н
Ұй­ым­дар­дың ата­уы
Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны
Кво­та мөл­ше­рі (Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан %)
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (бір­лік)
1
«Қоб­да-Жер» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
44
2
1
2
«Ай­ди» же­ке кә­сіп­кер­лі­гі
47
2
1
3
«Ка­ра­т­о­бе» ша­руа қо­жа­лы­ғы
46
2
1
4
«Рид-Аг­ро» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
40
2
1
5
«Уте­п­бер­ген» ша­руа қо­жа­лы­ғы
42
2
1
6
«Ка­нат-2» ша­руа қо­жа­лы­ғы
40
2
1

Қолданыстағы