Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Каргалинскому району на 2020 год

Қаулы · № 7 · қабылданған 20.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-139142/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Каргалинскому району на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 7 ·20.01.2020
20.01.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Каргалинскому району на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 7 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Каргалинскому району на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7
Қабылданған күні
20.01.2020
Көрсетілген редакция
20.01.2020 139142_440930.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CF006778
ЭКБ идентификаторы
139142
Редакция идентификаторы
139142_440930
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:16

0 2020 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша мүгедектер үшін

жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2020 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:

елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 63 «Қарғалы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6033 тіркелген, 2019 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Төлегеновке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Қарғалы ауданы әкімдігінің

2020 жылғы 20 қаңтары
№ 7
қаулысына қосымша
2020 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша мүгедектер үшін
ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

р/н
Ұй­ым­дар­дың ата­уы
Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны
Кво­та мөл­ше­рі (жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан %)
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (бір­лік)
1
«Степ­ное» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
236
3
7
2
«Ди­Л­энд» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
85
2
1
3
«Қар­ға­лы аудан­дық тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лы­лы­ғы, жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гі және ав­то­мо­биль жол­да­ры бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі жа­нын­да­ғы ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Ба­дам­ша – Сер­вис» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­ры­ны
73
2
1
4
«Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Қар­ға­лы аудан­дық ау­ру­ха­на­сы» ме­ме­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­по­ры­ны
252
4
10
5
«Қар­ға­лы аудан­дық бі­лім, дене шы­нық­ты­ру және спорт бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
1005
4
40

Қолданыстағы