Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2020 год

Қаулы · № 110 · қабылданған 23.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-139181/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 110 ·23.01.2020
23.01.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 110 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
110
Қабылданған күні
23.01.2020
Көрсетілген редакция
23.01.2020 139181_442334.kaz
Соңғы өзгеріс
23.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VB006713
ЭКБ идентификаторы
139181
Редакция идентификаторы
139181_442334
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:15

0 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірмен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Қала әкімдігінің
2020 жылғы «23»
қаңтары
№_110_ қаулысына
қосымша
2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі
Р/с №
Кәсіпорын атауы
Жұмыскерлер-
дің тізімдік саны
Квота мөлшері (%)
Жұмыс
орын-
дарының саны (адам)
1.
«Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» акционерлік қоғамы
484
1
5
2.
«Семей машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы
186
1
2
3.
«Қаражыра» акционерлік қоғамы
685
1
7
4.
«Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы
948
1
9
5.
«Семей Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
660
1
7
6.
«Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
1684
1
17
7.
«Ибраев+К» өндірістік кооперативі
177
1
2
8.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Семей филиалы
290
1
3
9.
«Сем Аз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
263
1
3
10.
«Фирма «Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
180
1
2
11.
«Семей Құрылыс Материалдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
150
1
2
12.
«Алфом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
81
1
1
13.
«АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
168
1
2
14.
«Гордорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
480
1
5
15.
«Казполиграф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
547
1
5
16.
«Казахцемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
383
1
4
17.
«Казэлектромаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
165
1
2
18.
«PROFI KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
122
1
1
19.
«Семей құю-механикалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
117
1
1
20.
«Силикат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
270
1
3
21.
«Олжас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
98
1
1
22.
«СӘТ ТРАНС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
165
1
2
23.
«Семей цемент зауыты» өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1096
1
11
24.
«Daewoo Bus Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
114
1
1
25.
«ЭЙКОС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
396
1
4
26.
«Семспецснаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
244
1
2

Қолданыстағы