Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования и для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2020 год

Қаулы · № 89 · қабылданған 15.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-139386/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования и для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 89 ·15.01.2020
15.01.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования и для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 89 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования и для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
89
Қабылданған күні
15.01.2020
Қолданысқа енгізілген күні
18.02.2020
Көрсетілген редакция
15.01.2020 139386_442510.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20GA004498
ЭКБ идентификаторы
139386
Редакция идентификаторы
139386_442510
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:21

0

2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27 баптарына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Тараз қаласы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар үшін 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің тізімдіқ санынан квоталар 1, 2-қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3

3. «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Тараз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындауын бақылау қала әкімінің орынбасары К.Сарытайға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Тараз қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 15 қаңтардағы
қаулысына 1-қосымша
2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкер лердің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар
Жұмыскерлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Бағыт Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
22
4,55%
1
2
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
669
0,15%
1
3
«Тараз металлургиялық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
753
0,13%
1
4
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Тараз-су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
695
0,15%
1
5
«Таразэнергоорталық» ақционерлік қоғамы
180
0,56%
1
6
«ТаразКожОбувь жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
160
0,63%
1
7
«KATSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
83
1,21%
1
8
«Тараз проммонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
127
0,79%
1
Барлығы
2689
8

11 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Тараз қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 15 қаңтардағы
қаулысына 2-қосымша
2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды,
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкер лердің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар
Жұмыскер лердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындары ның саны (бірлік)
1
«Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
245
8,01%
20
2
«Бағыт Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
22
4,55%
1
3
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
669
0,15%
1
4
«Тараз металлургиялық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
753
0,27%
2
5
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Тараз Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
695
0,15%
1
6
«Таразэнергоорталық» ақционерлік қоғамы
180
0,56%
1
7
«ТаразКожОбувь жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
160
0,63%
1
8
Т.И.Батуров атындағы «Жамбыл Мемлекеттік аудандық электр станциясы» акционерлік қоғамы
508
0,21%
1
9
«KATSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
83
1,21%
1
10
«Тараз проммонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
127
0,79%
1
11
«Жамбыл-химстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
100
1%
1
12
«Ғимарат-ТемірБетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
185
0,55%
1
13
«Жамбылгипс» акционерлік қоғамы
133
0,76%
1
14
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
60
1,67%
1
Барлығы
3920
34

12 Тараз қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі:

Тараз қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 15 қаңтардағы
қаулысына 3-қосымша
Тараз қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі:

1

1. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орнына квота белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі №838 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №115 болып тіркелген, 2010 жылдың 18 қарашадағы «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған).

2

2. «Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 22 қазандағы №893 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1836 болып тіркелген, 2012 жылдың 21 қарашадағы «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған).

3

3. «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтарындағы №42 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1881 болып тіркелген, 2013 жылдың 6 ақпандағы «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған).

Қолданыстағы