Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2020 год

Бұйрық · № 60 · қабылданған 12.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-139574/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2020 год Қолданыста Бұйрық ·№ 60 ·12.02.2020
12.02.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2020 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 60 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
60
Қабылданған күні
12.02.2020
Көрсетілген редакция
12.02.2020 139574_445013.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020035
ЭКБ идентификаторы
139574
Редакция идентификаторы
139574_445013
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:02

0 2020 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2020 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 2020 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «___»______№____
бұйрығына қосымша
2020 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс
Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберіндегі қаржыландырудың жылдық көлемі
Қаржыландырылатын орындар саны
Жатақхана салынған жағдайда жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері
Реконструкция жасалған жағдайда жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері
4 218 393 тыс. тенге
20 000
1) сейсмикалық қауіптілігі 9 балл және одан жоғары, сондай - ақ студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардағы орындардың тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 пайызынан жоғары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда құрылыс салынған жағдайда – қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есептемегенде, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 144 еселенген мөлшері
ҚҚС есептемегенде, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшері

Қолданыстағы