О предоставлении подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Таскалинского района в 2020 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Таскалинского района в 2020 году
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылы Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44-3
- Қабылданған күні
- 21.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2021 139784_506558.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ZK006053
- ЭКБ идентификаторы
- 139784
- Редакция идентификаторы
- 139784_506558
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:57
0 2020 жылы Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне
жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9946 тіркелген) сәйкес, аудан әкімі мәлімдеген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қажеттілікті ескере отырып, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2020 жылы Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға:
1 1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада берілсін.
2
2. Тасқала аудандық маслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №31-2 «2019 жылы Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5504 тіркелген, 2019 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған), 2019 жылғы 8 қазандағы №39-4 «Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 31-2 «2019 жылы Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5816 тіркелген, 2019 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.