Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 40
- Қабылданған күні
- 27.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2020 139871_445847.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20U0005449
- ЭКБ идентификаторы
- 139871
- Редакция идентификаторы
- 139871_445847
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:52
0 2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17583 болып тіркелген «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы №408 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қ.Қ.Айтмұхаметов
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ж.Е.Аманбаев
С.А.Қалқаманов
М.И.Мырзалиев
Ұ.Қ.Тәжібаев
А.А.Абдуллаев
А.Б.Тасыбаев
Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы «__» _________ № ______ «2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысына
7 2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы «__» ______ №__
қаулысына қосымша
2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
Субсидия көлемі
Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) 1 (бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық нормативі, килограмм
1 (бір) килограмм акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өніміне жұмсалған шығынға шаққанда балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы, теңге
Субсидиялар сомасы, мың тенге
1.
Бекіре және оның буданы
тонна
23,4
1,5
285
10 000,0
2.
Албырт және оның буданы
тонна
154,3
1,2
270
50 000,0
3.
Тұқы және оның буданы
тонна
690,5
4,0
105
290 000,0
Барлығы
350 000,0