Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур, объем и нормы субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур, объем и нормы субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін, басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі мен нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 66
- Қабылданған күні
- 25.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2020 139909_466461.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20D0005429
- ЭКБ идентификаторы
- 139909
- Редакция идентификаторы
- 139909_466461
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:54
0
2020 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін, басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі мен нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген) сәйкес Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) Алматы облысы бойынша 2020 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2
2) 2020 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
3
3) 2020 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес.
2 2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
11 Алматы облысы әкімдігінің
қаулысына 1-қосымша
Алматы облысы бойынша 2020 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
№ р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1
Күріш
2
Қант қызылшасы
3
Жүгері
12 Алматы облысы әкімдігінің
қаулысына 2-қосымша
2020 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі
№
р/с
Облыс атауы
Бюджеттік субсидияның көлемі, теңге
1
Алматы облысы
3 316 115 000,0
Барлығы
3 316 115 000,0
13 Алматы облысы әкімдігінің
қаулысына 3-қосымша
2020 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары
№
р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге
1
Күріш
4 000,0
2
Қант қызылшасы
10 000,0
3
Жүгері
6 000,0