Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год

Қаулы · № 61 · қабылданған 04.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-140164/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 61 ·04.03.2020
04.03.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 61 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
61
Қабылданған күні
04.03.2020
Көрсетілген редакция
04.03.2020 140164_447693.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NQ009014
ЭКБ идентификаторы
140164
Редакция идентификаторы
140164_447693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:48

0 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2020 жылға арналған Сарыкөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 2020 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Әкімдіктің
2020 жылғы «04» наурыздағы
№ 61 қаулысына
қосымша
2020 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ р/с
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (кенті, ауыл)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)
1
Сарыкөл кенті
«Arman» жеке мекемесі
165
31 460,83
үш жасқа дейін – 6 000
үш жастан бастап – 7 000
2
Сарыкөл кенті
«Жастық» жеке мекемесі
175
31 460,83
үш жасқа дейін – 6 000
үш жастан бастап – 7 000
3
Маяк ауылы
Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Бөбек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
13
61 153,84
үш жасқа дейін – 5 000
үш жастан бастап – 6 000
4
Комсомол ауылы
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Лика» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
47
49 748,22
үш жасқа дейін – 5 000
үш жастан бастап – 6 000

Қолданыстағы