Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Алгинскому району на 2020 год

Қаулы · № 78 · қабылданған 06.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-140344/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Алгинскому району на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 78 ·06.03.2020
06.03.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Алгинскому району на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 78 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Алгинскому району на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға арналған Алға ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
78
Қабылданған күні
06.03.2020
Көрсетілген редакция
06.03.2020 140344_448550.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CC006870
ЭКБ идентификаторы
140344
Редакция идентификаторы
140344_448550
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:46

0 2020 жылға арналған Алға ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2020 жылға арналған Алға ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:

елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Алға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 311 «Алға ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5636 тіркелген, 2017 жылғы 8 қыркүйекте «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Алға ауданы әкімдігінің

2020 жылғы 6 наурыздағы
№ 78 қаулысына қосымша
2020 жылға арналған Алға ауданы бойынша мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны
Кво­та мөл­ше­рі (жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан %)
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (бір­лік)
1
«Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
410
4%
16
2
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алға аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
93
2%
2
3
«Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
101
3%
3
4
"Алға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алға Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
57
2%
1

Қолданыстағы