Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13/01
- Қабылданған күні
- 17.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2020 140349_448467.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KI005752
- ЭКБ идентификаторы
- 140349
- Редакция идентификаторы
- 140349_448467
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:37
0 2020 жылға мүгедектер үшін
жұмыс орындарының квотасын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2% - дан бастап 4% - ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Абай ауданы ұйымдарының тізімі
Абай ауданының
әкімдігі
2020 жылғы 17 наурызы
№ 13/01
Қаулысы қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін
Абай ауданы ұйымдарының тізімі
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1
«Қарағанды облысы Абай ауданының қарттар мен мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммулдық мемлекеттік мекемесі
68
2
1