Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 27.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2020 140722_451131.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UN005530
- ЭКБ идентификаторы
- 140722
- Редакция идентификаторы
- 140722_451131
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:26
0 2020 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2020 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2
2. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 210 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5056 тіркелген, 2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 2020 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
Түлкібас ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «___» ________
№____ қаулысына қосымша
2020 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымының атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның
мөлшері (%)
Мүгедектер үшін белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
156
3
5
2
«Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
166
3
5
3
«Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
195
3
6
4
«Ажар» Түлкібасбалаларбақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
109
3
3
5
«Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
126
3
4
6
«Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
110
3
3
7
Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
142
3
4
8
«Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Жанкент» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
86
2
2
9
Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Байырбек Садықов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
126
3
4
Барлығы:
1216
36