Құжат мәтініне өту

Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на проведение капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиумов на 2020 год

Қаулы · № 149 · қабылданған 27.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-140758/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на проведение капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиумов на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 149 ·27.03.2020
27.03.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на проведение капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиумов на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 149 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на проведение капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиумов на 2020 год
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2020 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
149
Қабылданған күні
27.03.2020
Көрсетілген редакция
27.03.2020 140758_450315.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000149
ЭКБ идентификаторы
140758
Редакция идентификаторы
140758_450315
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:26

0 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың,

астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ
мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2020 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2020 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2 2) кредиттік шарттардың негізгі және қосымша талаптарының

орындалуын бақылауды;

3 3) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын,

өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді
қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары:

1 1) түпкі қарыз алушымен кредиттік шарттар жасасын;

2 2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

11 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2020 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы
№ қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ
мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2020 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары
1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі талаптар белгіленеді:
1) қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2020 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;
2) «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында
008 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 8616564000 (сегіз миллиард алты жүз он алты миллион бес жүз алпыс төрт
мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жылдық 0,1 %-тік сыйақы мөлшерлемесі бойынша 7 (жеті) жыл мерзімге беріледі;
3) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең 28 (жиырма сегіз) айдан аспауға тиіс;
4) кредиттерді игеру кезеңі кредиттер кредитордың шотынан аударылған кезден бастап есептеледі және 2020 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

2 2. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік

шартта белгіленеді.

Қолданыстағы