Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мартукскому району на 2020 год

Қаулы · № 85 · қабылданған 20.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-140762/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мартукскому району на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 85 ·20.03.2020
20.03.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мартукскому району на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 85 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мартукскому району на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
85
Қабылданған күні
20.03.2020
Көрсетілген редакция
20.03.2020 140762_450215.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CH006916
ЭКБ идентификаторы
140762
Редакция идентификаторы
140762_450215
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:31

0 2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:

елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

2

2. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 64 «Мәртөк ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-8-218 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы