Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2020 год

Қаулы · № 72 · қабылданған 07.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-141280/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2020 год Күшін жойған Қаулы ·№ 72 ·07.04.2020
20.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2020 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 72 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2020 год
Атауы (қаз.)
Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
72
Қабылданған күні
07.04.2020
Көрсетілген редакция
20.01.2021 141280_505738.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20ZB006134
ЭКБ идентификаторы
141280
Редакция идентификаторы
141280_505738
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:11

0 Ақжайық ауданы бойынша

2020 жылға жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы
26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.

2

2. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 71 «Ақжайық ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5621 тіркелген, 2019 жылы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысына (Р.Рахметуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Умитовке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ақжайық ауданы әкімдігінің
2020 жылғы
№ қаулысына
1-қосымша
Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квотаның мөлшері
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1.
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің «Бітік мектеп-бөбекжай» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
104
1 %
1
2.
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің «Мерген орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
84
1 %
1

7 Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ақжайық ауданы әкімдігінің
2020 жылғы
№ қаулысына
2-қосымша
Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квотаның мөлшері
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1.
Ақжайық ауданы әкімдігінің «Жайықтехсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығына негізделген)
89
2 %
2
2.
«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
325
2 %
6
3.
«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жігер спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»
20
2 %
1

8 Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ақжайық ауданы әкімдігінің
2020 жылғы
№ қаулысына
3-қосымша
Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квотаның мөлшері
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1.
«Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі
166
2 %
3
2.
Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекеме
36
2 %
1
3.
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
23
2 %
1

Қолданыстағы