Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест по Казталовскому району на 2020 год

Қаулы · № 82 · қабылданған 09.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-141380/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест по Казталовскому району на 2020 год Күшін жойған Қаулы ·№ 82 ·09.04.2020
19.02.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест по Казталовскому району на 2020 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 82 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест по Казталовскому району на 2020 год
Атауы (қаз.)
Казталов ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
82
Қабылданған күні
09.04.2020
Көрсетілген редакция
19.02.2021 141380_509820.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20ZH006145
ЭКБ идентификаторы
141380
Редакция идентификаторы
141380_509820
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:07

0 Казталов ауданы бойынша

2020 жылға жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстык-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Казталов ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін үш пайыз мөлшерінде белгіленсін:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін.

2

2. Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №395 «Казталов ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5457 тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е.Ескендиров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З. Мажитоваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

6 Казталов ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Казталов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы « » сәуірдегі
№ қаулының 1- қосымшасы
Казталов ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квотаның мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
261
3
8
2
«Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Казталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны»
62
3
2
3
«Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Жалпақтал мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны»
43
3
1
Барлығы
366
11

7 Казталов ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Казталов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы « » сәуірдегі
№ қаулының 2- қосымшасы
Казталов ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квотаның мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Казталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны»
62
3
2
2
«Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Жалпақтал мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны»
43
3
1
Барлығы
105
3

8 Казталов ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Казталов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы « » сәуірдегі
№ қаулының 3-қосымшасы
Казталов ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квотаның мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Казталов аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
285
3
8
2
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Казталов аудандық 2- ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
268
3
8
3
Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
261
3
8
4
«Казталов ауданының білім беру бөлімінің А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
122
3
4
5
«Казталов ауданының білім беру бөлімінің К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
115
3
3
6
«Казталов ауданының білім беру бөлімінің Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
103
3
3
7
«Казталов ауданының білім беру бөлімінің Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
103
3
3
8
«Казталов ауданының білім беру бөлімінің Казталов мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
110
3
3
Барлығы
1367
40

Қолданыстағы