Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 169
- Қабылданған күні
- 08.04.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 24.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2020 141469_453340.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20GF004546
- ЭКБ идентификаторы
- 141469
- Редакция идентификаторы
- 141469_453340
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:07
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Меркі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №164 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылдың 27 мамырындағы № 4249 болып тіркелген, 2019 жылдың 31 мамырындағы электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
3 3. Меркі ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қасым Марат Жарылқасынұлына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Меркі ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 8 сәуірдегі № 169
қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымдардың атауы
Жыл басын
дағы қызмет
керлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (қызметкерлер
дің тізімдік санынан %)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
1
2
3
4
5
1
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің « Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
178
3%
5
2
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің « Ә Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
81
2%
2
3
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің « А.Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
178
3%
5
4
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің « №48 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
133
3%
4
барлығы
570
16