Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Байзакском районе на 2020 год

Қаулы · № 167 · қабылданған 08.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-141503/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Байзакском районе на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 167 ·08.04.2020
08.04.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Байзакском районе на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 167 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Байзакском районе на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға Байзақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
167
Қабылданған күні
08.04.2020
Қолданысқа енгізілген күні
26.04.2020
Көрсетілген редакция
08.04.2020 141503_454248.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20GB004552
ЭКБ идентификаторы
141503
Редакция идентификаторы
141503_454248
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:08

0 2020 жылға Байзақ ауданында пробация қызметінің

есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес, Байзақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Байзақ ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық және меншік нысандарына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санынан пайыздық көрсетілімінде 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Байзақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота шараларының ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. Ауданның ресми интернет ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы Дәулетовке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 2020 жылға Байзақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Байзақ ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 8 сәуірдегі № 167
қаулысына қосымша
2020 жылға Байзақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды,
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар
Жұмыс
керлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
Жұмыс
керлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
15
13 %
2
-
-
2
«Даулет» шаруа қожалығы
3
33,3 %
1
33,3 %
1
3
«Алди и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
12
16,6 %
2
16,6 %
2
Барлығы:
30
-
5
-
3

Қолданыстағы