Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Шетскому району на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Шетскому району на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19/01
- Қабылданған күні
- 14.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2020 141718_454708.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KQ005800
- ЭКБ идентификаторы
- 141718
- Редакция идентификаторы
- 141718_454708
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:01
0 Шет ауданы бойынша пробация
қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін 2020 жылға жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 7), 8) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 болып тіркелген) сәйкес, Шет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалысын бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары А.Әбілдинге жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
Шет ауданы әкімі
2020 жылғы 14 сәуірі
№ 19/01
қаулысына қосымша/
Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
(адам)
Қызметкерлердің тізімдік санының пайыздық көрсетілімі
(%)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Сине Мидас Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
127
1
1
2
«Атамекен» шаруа қожалығы
5
20
1