О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Аксу в 2020 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Аксу в 2020 году
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылы Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 411/59
- Қабылданған күні
- 28.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2020 142573_490499.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PB006825
- ЭКБ идентификаторы
- 142573
- Редакция идентификаторы
- 142573_490499
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:45
0 2020 жылы Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне
жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» № 183 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
2 2. Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.