Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест по Жангалинскому району на 2020 год

Қаулы · № 55 · қабылданған 12.05.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-142754/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест по Жангалинскому району на 2020 год Күшін жойған Қаулы ·№ 55 ·12.05.2020
09.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест по Жангалинскому району на 2020 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 55 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест по Жангалинскому району на 2020 год
Атауы (қаз.)
Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
55
Қабылданған күні
12.05.2020
Көрсетілген редакция
09.03.2021 142754_512424.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20ZE006228
ЭКБ идентификаторы
142754
Редакция идентификаторы
142754_512424
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:34

0 Жаңақала ауданы бойынша

2020 жылға жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін бір пайыз мөлшерінде белгіленсін:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін.

2

2. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №38 «Жаңақала ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5627 тіркелген, 2019 жылы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Жұмалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиеваға  жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Жаңақала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы «__» _______ №_____ қаулының
1-қосымшасы
Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
152
1%
1
2
«Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
62
1%
1
3
«Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
78
1%
1

7 Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Жаңақала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы «__» _______ №_____ қаулының
2-қосымшасы
Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
66
1%
1
2
Жаңақала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқындағы) «Коммунал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
56
1%
1
3
Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің «Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
114
1%
1

8 Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Жаңақала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы «__» _______ №_____ қаулының
3-қосымшасы
Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жаңақала аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
336
1%
3
2
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Аудандық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
100
1%
1
3
«Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
72
1%
1

Қолданыстағы