Об утверждении объемов субсидий на развитие семеноводства по Актюбинской области на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидий на развитие семеноводства по Актюбинской области на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы бойынша 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 202
- Қабылданған күні
- 13.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2020 142780_460805.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20C0007092
- ЭКБ идентификаторы
- 142780
- Редакция идентификаторы
- 142780_460805
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:32
0 Ақтөбе облысы бойынша 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1
1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 112 «Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6024 тіркелген, 2019 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
2
2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 397 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 112 «Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6397 тіркелген, 2019 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
3 3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
10 2020 жылғы 13 мамыры № 202
Ақтөбе облысы әкімдігінің
қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы бойынша 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидия көлемдері
Бюджет
түрі
Барлық қажеттілігі, мың теңге
Оның ішінде, мың теңге
Бірегей тұқымдар
Элиталық тұқымдар
Бірінші репродукция
Бірінші ұрпақ будандары
Элиталық көшеттер
Жергілікті бюджет
480 000,0
2 541,0
194 708,0
194 686,0
39 345,0
48 720,0
Республикалық бюджет
42 600,0
42 600,0
барлығы
522 600,0
2 541,0
237 308,0
194 686,0
39 345,0
48 720,0