Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год

Қаулы · № 90 · қабылданған 15.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-142847/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год Қолданыста Қаулы ·№ 90 ·15.05.2020
15.05.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год

Қолданыста Қаулы ·№ 90 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год
Атауы (қаз.)
2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
90
Қабылданған күні
15.05.2020
Көрсетілген редакция
15.05.2020 142847_461422.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NH009192
ЭКБ идентификаторы
142847
Редакция идентификаторы
142847_461422
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:30

0 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2020 жылға арналған Денисов ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Әкімдіктің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 90 қаулысына
қосымша
2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)
1
Денисов ауданы Перелески ауылы
«Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балдаурен» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
100
47 610
үш жасқа дейін 6 700
үш жастан бастап 7 000
2
Денисов ауданы Денисовка ауылы
«Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 1 бала бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
85
58 242
үш жасқа дейін 6 700
үш жастан бастап 7 000
3
Денисов ауданы Денисовка ауылы
«Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 40 бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
132
55 506
үш жасқа дейін 6 700
үш жастан бастап 7 000

Қолданыстағы