Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 192
- Қабылданған күні
- 01.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.06.2020 143426_464177.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20N0009238
- ЭКБ идентификаторы
- 143426
- Редакция идентификаторы
- 143426_464177
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:16
0 2020 жылға сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2020 жылға сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері бекітілсін.
2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
8 2020 жылға сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
Әкімдіктің
2020 жылғы 1 маусымдағы
№ 192 қаулысына
1-қосымша
2020 жылға сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
Ауыл шаруашылық өнімнің атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм)
Сүт
Сары
май
41,0
Сүт
Қатты
ірімшік
29,0
Сүт
Құрғақ сүт
(майы алынбаған,
майы алынған)
26,0
9 Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Әкімдіктің
2020 жылғы 1 маусымдағы
№ 192 қаулысына
2-қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» 2017 жылғы 1 ақпандағы № 47 қаулысы (2017 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6837 болып тіркелген).
2
2. Қостанай облысы әкімдігінің «Әкімдіктің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 47 «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 538 қаулысы (2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8155 болып тіркелген).
3
3. Қостанай облысы әкімдігінің «Әкімдіктің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 47 «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 4 мамырдағы № 190 қаулысы (2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8416 болып тіркелген).