Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Отрарского района на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Отрарского района на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- Отырар ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2020 жылға квоталар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 137
- Қабылданған күні
- 29.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2020 143467_464232.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UI005638
- ЭКБ идентификаторы
- 143467
- Редакция идентификаторы
- 143467_464232
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:17
0
Отырар ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2020 жылға квоталар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3 3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4
4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1- қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2- қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.
5
5. Отырар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 мамырындағы №187 «Отырар ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5072 тіркелген, 2019 жылғы 15 тамызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6 6. «Отырар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Елекеевке жүктелсiн.
8 8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
11 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы
Отырар ауданы әкімдігінің
« » мамырындағы 2020 жылғы
№ қаулысына 1-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы
қ/с
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскер
лердің тізімдік санынан)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Дәуренбек Құрманбек атындағы «№20 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
136
1 (0,73)
1
2
Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
29
1 (3,4)
1
12 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы
Отырар ауданы әкімдігінің
« » мамырындағы 2020 жылғы
№ қаулысына 2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы
қ/с
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар-Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
33
1 (3,0)
1
13 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы
Отырар ауданы әкімдігінің
« » мамырындағы 2020 жылғы
№ қаулысына 3-қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы
қ/с
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
(% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1
«Отырар ауданы білім бөлімінің» Жамбыл атындағы мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
165
1 (0,6)
1