Об утверждений перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объемов бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждений перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объемов бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 231
- Қабылданған күні
- 10.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2020 143750_466457.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20D0005539
- ЭКБ идентификаторы
- 143750
- Редакция идентификаторы
- 143750_466457
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:08
0 2020 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) 2020 жылға арналған басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2 2) 2020 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
3 3) 2020 жылға арналған басым дақылдардың субсидиялар нормалары осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. Алматы облысы әкімдігінің «2020 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін, басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі мен нормаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 25 ақпандағы № 66 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5429 тіркелген, 2020 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
12 2020 жылғы 10 маусымы
№ 231 қаулысына 1-қосымша
2020 жылға арналған басым дақылдар тізбесі
№ р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1
Күріш
2
Қант қызылшасы
3
Жүгері
13 2020 жылғы 10 маусымы
№ 231 қаулысына 2-қосымша
2020 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№
р/с
Облыс атауы
Бюджеттік субсидияның көлемі, теңге
1
Алматы облысы
3 316 115 000,0
Барлығы
3 316 115 000,0
14 2020 жылғы 10 маусымы
№ 231 қаулысына 3-қосымша
2020 жылға арналған басым дақылдардың субсидиялар нормалары
№
р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге
1
Күріш
4 000,0
2
Қант қызылшасы
10 000,0
3
Жүгері
6 000,0