Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 71
- Қабылданған күні
- 29.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2020 144278_468660.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NP009298
- ЭКБ идентификаторы
- 144278
- Редакция идентификаторы
- 144278_468660
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:49
0 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Әкімдіктің
2020 жылғы 29 маусымдағы
№ 71 қаулысына
қосымша
2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ р/с
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)
1
Қарамеңді ауылы
«Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
115
36304
3 жасқа дейін – 7000,
3 жастан бастап - 8000
2
Дәмді ауылы
«Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Айгөлек бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
25
37742
3 жасқа дейін – 4000,
3 жастан бастап - 5000
3
Буревестник ауылы
«Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
45
32945
3 жасқа дейін – 5884,
3 жастан бастап - 7561
4
Өлеңді ауылы
«Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
25
32949
3 жасқа дейін – 4000,
3 жастан бастап - 5000
5
Шилі ауылы
«Науырзым ауданы Шилі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
25
40405
3 жастан бастап - 4000
6
Қарамеңді ауылы
«Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балапан» Бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
55
57982
3 жасқа дейін – 7000,
3 жастан бастап - 8000