Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласы бойынша 2020 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1280
- Қабылданған күні
- 07.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2020 145388_475291.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ZA006337
- ЭКБ идентификаторы
- 145388
- Редакция идентификаторы
- 145388_475291
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:17
0 Орал қаласы бойынша 2020 жылға
субсидиялауға жататын ішкі су
көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар
шығынды маршруттар тізбесін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі «Ішкі су көлігі туралы» Заңын басшылыққа алып және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша 2020 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.
2
2. Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 1490 «Орал қаласы бойынша 2019 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5739 тіркелген, 2019 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.Дуйсенгалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Мүлкәйға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Орал қаласы бойынша 2020 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі
Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы « » тамыздағы № қаулысына қосымша
Орал қаласы бойынша 2020 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі
№
Тасымалдаулардың атауы
1
Орал қаласы- «Учужный затон» бау-бақша серіктестігі
2
Орал қаласы- «Барбастау» бау-бақша серіктестігі