О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аршалынского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аршалынского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға арналған Аршалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 65/2
- Қабылданған күні
- 21.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.10.2020 147663_487103.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BD008087
- ЭКБ идентификаторы
- 147663
- Редакция идентификаторы
- 147663_487103
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:13
0 2020 жылға арналған Аршалы ауданының ауылдық
елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. 2020 жылға арналған Аршалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көрсетілсін:
1 1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2
2. Аршалы аудандық мәслихатының «2020 жылға арналған Аршалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» 2020 жылғы 19 ақпандағы № 50/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7689 тіркелген, 2020 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімдігі