О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Экибастуза на 2020 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Экибастуза на 2020 год
- Атауы (қаз.)
- 2020 жылға арналған Екібастұз қаласының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 485/63
- Қабылданған күні
- 23.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2020 150860_501124.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PC007136
- ЭКБ идентификаторы
- 150860
- Редакция идентификаторы
- 150860_501124
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:47
0
2020 жылға арналған Екібастұз қаласының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 - бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» № 183 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 06 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылы жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
2
2. Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
3
3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі «2020 жылға арналған Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» № 420/53 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6824 болып тіркелген, 2020 жылғы 06 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).